Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАпта соңында Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-Икті қабылдаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбаттасу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайына баға беріп, екі елдің үкіметтері, парламенттері мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету қарқынына қанағаттанушылық білдірді.
Министр М.Нұртілеу Астананың Сеулмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға берік ұстанымын растады және өнеркәсіп, энергетика, жер қойнауын пайдалану, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілеріне назар аударды.
Сонымен қатар қазақ тарапы кореялық компанияларды бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды және осы бағытта барынша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Өз тарапынан корей дипломаты саяси диалогты жалғастырудың әрі биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықты арттыруға өзара қызығушылық білдірді және екіжақты мен көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға уағдаласты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді