Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясы аясында кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен, Малайзияның Сыртқы істер министрі Мохамад Хаджи Хасанмен, Индонезияның Сыртқы істер министрі Сугиономен, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мухаммад Исхак Дармен, Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен және Бахрейннің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф Әл-Заяни сынды тұлғалар бар.
Кездесулер барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды. Транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар министрлер жаһандық күн тәртібін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.
Кездесулердің нәтижелері тараптардың серіктестікті нығайтуға және өзекті мәселелер бойынша шешімдерді бірлесіп іздеуге өзара мүдделілігін растады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді