Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония Республикасының Елшісі Тоомас Тирсті дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударған.
Эстония Елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.
Миссияның аяқталуына орай эстондық дипломатқа екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Сыртқы істер министрінің алғыс хаты табыс етілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді