Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТанымал актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына түрмеден хат жолдап, көмек сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылы 12 қазанда Алматы қалалық Бостандық ауданының №2 аудандық сотында караоке-бардағы төбелеске қатысушыларға қатысты үкім шыққан еді. Олардың арасында танымал актер Асқар Жұмабек те бар. Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түсті.
Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл заңдылық. Бізде де мұнда солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанбалы дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым, - делінген хатта.
Ол өзін қолдап жатқан жандарға алғыс білдірді.
Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін. Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл условный берді дей ме? Әлде шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайыма осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе? Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80% әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа, қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?, - деп жазды актер.
Айта кетейік, актер Асқар Жұмабеков өзінің 6 жыл 6 айға жазықсыз сотталып жатқанын айтып, Президенттен көмек сұраған еді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар