6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер"Өзенмұнайгаз" АҚ мұнайшылары жарылыстан зардап шеккен отбасыларға бір күндік еңбекақысын аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өздеріңізге мәлім Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алған болатын. Аталған оқиғада 13 адам зардап шегіп, төрт адам қаза тапты. "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның еңбек ұжымы бақилық болған азаматтардың қайғысына ортақтасып, отбасы, ағайын-туыстарына көңіл айтады. Компания өз кезегінде апат болған орында үйіндіні аршу, тазалауға қажетті техникамен қамтамасыз етті және қажеттілікке байланысты көмек көрсетуге дайын. Сондай-ақ, мұнайшылар ерікті түрде бір күндік еңбек ақысын зардап шеккен адамдарға көмек ретінде арнайы шотқа аударатынын мәлімдейді, - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Жаңаөзендегі екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 4 адам көз жұмды. «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі