7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым өкілдерін жаңа мақсаттарға ұмтылып, жаһандық бәсекеге дайын болуға шақырды.
Алматыда өткен ғылым өкілдерімен кездесуде мемлекет басшысы қол жеткізілген нәтижелерге тоқмейілсіп қалмай, керісінше, одан әрі дамуға күш салу қажеттігін атап өтті.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезеңде әлемдік бәсеке күшейіп отыр, сондықтан Қазақстан әрдайым алдыңғы қатарда болуы тиіс.
Әлемдік бәсеке күшейген кезеңде біз әрдайым жеңімпаз болуымыз керек. Қазақ халқы қандай жағдай болса да, өркениет көшінен қалмауға тиіс, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол ел дамуы қоғамның бірлігіне байланысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар, технологтар, кәсіпкерлер, білімді азаматтар мен студенттер ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істеуі қажет.
Президент адам капиталының сапасын арттыру мәселесіне де ерекше назар аударды. Ол Қазақстанның болашағы ғылым мен инновацияға тікелей байланысты екенін айтты.
Қазақстанның ертеңі сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге және ашқан жаңалықтарыңызға байланысты, – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыруға толық мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Сонымен қатар, президент елдің болашақтағы бағыты туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан әділетті, қуатты мемлекетке айналып, онда заң мен тәртіп, білім мен ғылым үстемдік құруы тиіс.
Біздің түпкі мақсатымыз – әділетті әрі қуатты мемлекет қалыптастыру, – деп қорытындылады Тоқаев.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?