Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқынның денесін жақындары Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында жер қойнына тапсырады. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 21 сәуір күні Алматыда жерленеді.
Ақынмен қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен ақын шығармашылығын құрметтейтін азаматтар қатыса алады.
Қоштасудан кейін, сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Жақындары Мұхтар Шахановты Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерлейді.
Бұған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына ашықхат жолдап, оны Арыстанбаб кесенесі аумағында жерлеуді сұраған еді.
Мұхтар Шаханов – көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы. Қалың жұрт оны өр рухты ақын, ұлт мүддесін қорғаған қайсар азамат ретінде таныды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары