Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіORDA тобының солисі Ерболат Беделхан «қазақты қазақ ететін не?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әншінің айтуынша, әр саладағы белгілі бір нәрсені дұрыс емес деп айта беру адамның еркіндігін қысу болып есептеледі. Сондықтан өз таңдауын жасаған адамдарды «қазақ емес деу – қате пікір» дейді.
Мен үшін қазақ болу қиын емес. Қазақ дегеніміз – біздің ішкі жай-күйіміз. Егер сен ішкі жағдайыңды түсінсең, онда сен қазақсың. Адам өзінің таңдауын өзі жасайды. Бірі дін жолына түссе, екіншісі шашын бояуды, үшіншісі басқа бір бағытты таңдаса, демек ол қазақ бола тұра өзінің жолын өтіп жатыр деген сөз, - деді продюсер.
Сондай-ақ ол өзінің туған жерінде рудың қалай сұралатынын айтты.
Бізде, Моңғолияда бірінші ру сұрамайды. Алдымен «елің кім?» деп айтады. Мен «керей» деп жауап беремін. Содан кейін барып «Керейдің ішінде руың кім?» деп сұрайды. Мен «абақты кереймін» деймін. Үшінші сұрағын «сүйегің кім?» деп қояды. «Ителімін» деп айтамын. Ең соңында «жеті атаңды ата» дейді. Демек, қазақ болу деген – көне кезеңнен қалып қойған қазақтық болмысты көтеріп, өзіңнің жеті атаң мен ата-бабаңның аруағының бар екенін қабылдау, - деді Ерболат Беделхан.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады