22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтіп жатыр. Жиынға келген халықаралық саяси сарапшы Ерлан Ахмеди ШЫҰ-ның ерекшелігін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшының сөзінше, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басында «Шанхай бестігі» атауымен қауіпсіздік негізінде құрылған. Оған құрылтайшылар болып Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан мемлекеттері кірген.
2001 жылы «Шанхай бестігі» ұйым ретінде тұрақты жұмыс істей бастайды. Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы «Шанхай ондығы» болып көбейеді. Яғни қатарға Беларусь қосылады, – деді ол.
Ерлан Ахмедидің айтуынша, ШЫҰ саммиті плюс форматында өтіп жатқандықтан, оған түркі мемлекеттері, араб мемлекеттерінің басшылары қатысуда. Сондай-ақ жиында Моңғолия мемлекеті бақылаушы болып отыр. Болашақта бұл елдің де ұйымға енуі мүмкін.
Қазіргі таңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына деген қызығушылық өте жоғары. Бұрындары ол тек азиялық мемлекеттер ғана қосылған ұйым ретінде қабылданса, бүгінде еуразиялық ұйымға айналуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы нәтижелі, сәтті, халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады деп баға берген болатын, – деп атап өтті халықаралық сарапшы.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев