30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар қадағалауда. Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Анжелика Караман №228 сайлау учаскесіне барып, сайлау процесінің ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді.
Анжелика Караман қазіргі сайлаудың жаңа сайлау жүйесі аясында өтіп жатқанын және конституциялық реформаны жүзеге асыру кезеңдерінің бірі екенін атап өтіп, оның айрықша маңызына тоқталды.
«Ең алдымен, бұл сайлауды мынадай ерекше мазмұнда қарастырған жөн деп ойлаймын. Бұл – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен жаңа сайлау жүйесі негізінде ұйымдастырылып отырған Құрылтайдың алғашқы сайлауы. Сондықтан бұл – конституциялық реформаны жүзеге асырудағы маңызды кезең», – деді ол.
Халықаралық бақылаушының айтуынша, олар барған сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жақсы деңгейде өткен. Сайлаушылар дауыс беру тәртібі туралы хабардар, учаскелік комиссия мүшелері өз міндеттерін жақсы біледі, ал жұмыс жолға қойылған.
А.Караман халықаралық бақылаушылардың өздері барған барлық учаскеде қызықтырған сұрақтарына толық жауап алғанын атап өтті.
«Дауыс беру барысына сайлау қызметкерлерінің дайындық деңгейі ерекше әсер етеді. Бұл өте маңызды, өйткені сайлау процесіне деген сенім осыдан қалыптасады», – деді Молдова ОСК төрағасы.
Ол мүгедектігі бар азаматтарға қажетті жағдай жасалуын оң тәжірибелердің қатарына қосты.
«Біз барған барлық сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған жағдайдың жасалғанын көрдік. Ақпаратты аудио форматында тыңдау мүмкіндігі бар, сондай-ақ арнайы трафареттер қарастырылған. Бұл халықаралық стандарттарға сай келеді», – деп мәлімдеді Молдова ОСК төрағасы.
Сөз соңында Анжелика Караман қазақстандық әріптестеріне сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру бағытындағы ынтымақтастыққа ниетті екенін айтты.
«Орталық сайлау комиссиясындағы әріптестеріме кәсібилікті арттыруға бағытталған жұмысты сәтті жалғастыруды тілеймін. Сайлау қызметкерлерін оқытуға қаншалықты көп күш жұмсалғаны көрініп тұр. Сайлаудан кейін әріптестеріміз атқарылған жұмысты саралап, сайлау рәсімдерін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру бағытын жалғастырады деп сенеміз. Біз де озық тәжірибелерді үйренуге мүдделіміз», – деп қорытындылады Анжелика Караман.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды