30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМысыр астанасы Каирде жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі аяқталды. Турнирде отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша отандық спортшымыз қатарынан жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесінде жүлде алып отыр. Жүлделі екінші орын Фрнация спортшысына, үшінші орын қытайлық саңлаққа бұйырды.
Айта кетейік, Каир Премьер-лигасында ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. Мөлдір Жаңбырбай 50 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Әсел Қанай (-61 кг) ақтық сында Украина спортшысынан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ осы кеште Айжан Бәкірова (-61 кг), Софья Берульцева (+68 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) қола медаль үшін айқасты. Алайда спортшыларымыз соңғы сәтте жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.
Жылдың шешуші Премьер-лига бәсекесі мамырдың аяғында Марокконың Рабат қаласында өтеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды