Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіSuperStar KZ реалити-шоуының қатысушысы әрі финалісі Мөлдір Әуелбекова танымал продюсер, актриса Баян Алагөзоваға арналған видеролигін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл видео продюсердің туған күніне арналған сый екенін алға тартып, Меккеде болуына байланысты аздап кешігіп жарық көргенін айтты.
Баян апайдың туған күніне түсіріп үлгермедім. Себебі Меккеде құлшылықта болдым. «Ештен кеш жақсы» демекші, туған күніңізге арнау болсын!
Биыл үлкен сахнаға аяқ басқаныма 20 жыл! Соның 6 жылы, Баян Мақсатқызы, Бағым Мұхитденова, сіздермен өтті. Бәріне рахмет, - деп жазба қалдырды Әуелбекова.
Мөлдір Әуелбекованы көпшілік алғаш рет 2005 жылғы SuperStar KZ байқауының қатысушы ретінде таныды. Араға бір жыл салып ол Баян Алагөзова продюсерлік жасаған КешYou тобының мүшесі атанды. Кейіннен әнші топтан кетіп, сахнаға жеке орындаушы ретінде шығып жүр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады