Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл жанашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызметалушылардың ағынын азайтуға септігін тигізеді.
Ол үшін қолданушыға «Мобильді ХҚКО» қосымшасында «Бейне қызметті» таңдау керек. Бұл сервис қызметалушы алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі.
Төлем жасалғаннан кейін № 073/у формадағы медициналық анықтаманың, автомектепті аяқтағаны туралы куәліктің, қызметалушының суретінің сканерленген нұсқаларын және талапқа сәйкес қойылған қолтаңбаны сұрататын болады.
Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалогтық терезеде тіркеу қарастырылған. Айта кететін жайт, азамат өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, МХҚКО-ға алдын ала кезекті брондау үшін емтихан тапсыратын күн мен уақыт ұсынылатын болады.
Бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру және төлем жасау үшін МХҚКОға баруға міндетті болатын. Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға болады. Яғни, бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп және кезекті алдын-ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКОға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырып кете алады. Болашақта өтініш беру фнкциясын электронды порталға және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар, - деді басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Айта кетейік, сервиспен eGov mobile қосымшасында да қолдануға болады. Ол үшін басты беттегі «БейнеХҚКО» батырмасын таңдау қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?