Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау тәртібі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Оның айтуынша, 2025 жылғы 12 қарашада Қаржы министрінің бұйрығымен мобильді аударымдарды бақылау өлшемшарттары қайта бекітілген. Бұрыннан бар талапқа тек шағын өзгерістер енгізілген.
Екі шарт қатар орындаған жағдайда ғана азаматтың мәліметтері салық органдарына жолданады:
1.Үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп жеке тұлғадан аударым алу;
Шатаспау керек. Аударымның сомасы 1 млн теңгеден асса болды, тексеріледі деген дұрыс емес. Екі шарт қатар орындалғанда ғана мәлімет түседі, - деді Ерсайын Көптілеуұлы онлайн брифингте.
Маманның айтуынша, бұл көрсеткіш – ең төменгі 12 айлық жалақы көлеміне тең. Қазіргі есеп бойынша ол шамамен 1 миллион теңгені құрайды.
100 тұлға деген – аударым саны емес, ақша жіберген адамдардың саны. Мұндай талапқа кездейсоқ, кәсіпкер емес азаматтың ілінуі өте қиын, – деді сарапшы.
2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, банктер мәліметті жыл соңында емес, аударымдардың шартқа сай екенін анықтаған бойда салық органдарына жолдайды.
Салық қызметі камералдық бақылау жүргізгеннен кейін азаматтарға хабарлама жібереді.
Хабарлама:
Азаматқа ондағы талаптарды орындауға 30 жұмыс күні беріледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?