Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды бақылауға қатысты маңызды түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомствоның мәліметінше, депозиттен картаға немесе жеке шоттар арасындағы аударымдар жаңа бақылау критерийлеріне кірмейді. Яғни қазақстандықтар өз шоттары арасындағы қаражатты еркін аударуға құқылы және мұндай операциялар салықтық тексеріске себеп болмайды.
Жаңа ережелер қалай жұмыс істейді?
Қазір мобильді аударымдарды бақылаудың жаңартылған талаптары пысықталып жатыр. Құжат Сенат қарауында. Жобада көрсетілген критерийлер өзгеріссіз қабылданса, жеке тұлғалар мына жағдайларда тексеріс аясына түсуі мүмкін:
Бұл талаптар кәсіпкерлік қызметті жасырын жүргізу белгілерін анықтауға бағытталған.
Қандай түсімдер тексерілмейді?
Жаңа лимиттерді есептеу кезінде кейбір аударымдар толықтай алып тасталады. Олар:
Осылайша, жеке мақсаттағы қаржы қозғалысы бақылау объектісіне жатпайды.
Жаңа талаптар қашан күшіне енеді?
Ережелер қазіргі күйінде қабылданса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сонымен қатар, банктер жаңа Салық кодексіне сәйкес салық органдарына клиенттердің шоттары, қалдықтары және ақша қозғалысы туралы ақпарат беруі тиіс болады. Бұл талаптар көлеңкелі айналым мен жасырын табыстарды анықтауды жеңілдетуді көздейді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді