10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларына арналған ресми ескерту жариялады. Бұл туралы ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Назар аударыңыздар, балалар! Қауіпсіздікке қатысты әзілге бейжай қарамаңыздар. Соңғы уақытта кейбір оқушылар терроризм туралы қалжыңдап, жалған ақпарат таратып жүрген жағдайлар жиілеп кетті. Мұндай әрекет – өте қауіпті және заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бұл үшін айыппұл салынуы, түзету жұмыстарына тартылуы немесе одан да қатаң шаралар қолданылуы мүмкін, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік атап өткендей, қауіпсіздік тақырыбындағы жалған мәліметтер мен әзілдер жай қателік емес, заң бұзушылық болып саналады.
Егер сен әлі кәмелет жасына толмаған болсаң, онда жауапкершілік сенің ата-анаңа жүктеледі. Сондықтан әр ісіңнің салдарын алдын ала ойлан. Қауіпсіздік – бәріміз үшін маңызды! – деп ескертті Оқу-ағарту министрлігі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді