Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады.
Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы басымдықтары талқыланды.
Сондай-ақ, ынтымақтастықтың болашақ салалары, атап айтқанда, Париж келісімінің көміртегі квоталары саудасының нарықтық тетіктері жөніндегі 6-бабын талқылау бойынша бірлескен жұмыс және мүдделі тараптардың қатысуымен 2023 жылғы 11-13 қазан аралығында қажетті консультациялар өткізу айқындалды.
Сонымен қатар, қар барысы популяциясын сақтау, тұран жолбарысын реинтродукциялау жобаларын іске асыруды және қаржыландыруды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар