Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекВице-министрі Алмаз Ыдырысов Астана-Алматы автожолының «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Құрты» учаскесіндегі жаңғырту жұмыстарын тексеріп қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ИИДМ-ға сілтеме жасап.
Вице-министр автокөлікпен жүре отырып, Қарағанды және Жамбыл облыстары арқылы өтіп жатқан «Қарағанды – Балқаш» (363 шақырым), «Балқаш – Бурылбайтал» (288 шақырым), «Бурылбайтал – Құрты» (228 шақырым) және «Құрты-Қапшағай» (67 шақырым) учаскелерінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Биыл аталған жол аумағымен 861 шақырымдай жерге көлік қозғалысын ашу көзделген.
Бұған қоса Алмаз Ыдырысов Астана – Алматы тас жолынан Алматы мен Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарына апаратын «Мерке – Бурылбайтал» және «Құрты – Қонаев» жол учаскелерінде қолға алынған жұмыстарды бағамдап көрді.
Бұл сапар кезінде барлық учаскеде жол құрылысына байланысты жұмыс кеңестері өткізіліп, ИИДМ басшысының орынбасары мердігер ұйымдардың базасын пысықтап шықты.
Осы ретте 2022 жылдың мамырында «Құрты – Бурылбайтал» учаскесінің 2295-2380 шақырым аралығында тиісті міндеттемелердің орындалмауына байланысты бұрынғы мердігермен келісімшарт бұзылғанын атап өткен маңызды. Байқау рәсімдері өткізілгеннен кейін жаңа мердігер анықталмақ. Қазір аталған учаскедегі жұмыстар жанданып жатыр.
А.Ыдырысов мердігерлермен болған кездесулерде негізгі республикалық күрежолды жаңғыртуды тезірек аяқтап, құрылыс жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.
Үкімет пен жауапты министрлік тарапынан нәтижелі жұмыс пен жобаны уақтылы аяқтау үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Бұл жол еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтып қана қоймай өңірлердің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді, деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары.
Бұдан бөлек вице-министр «Ұзынағаш – Отар», «Шамалған стансасы маңындағы айналма жол» мен Алматы облысындағы «Үлкен Алматы айналма автожолы» жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысуды жоспарлап отыр.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес