Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп мұғалімдеріне сынып жетекшілігі үшін берілетін ақы туралы ашып айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылдағанға дейін сынып жетекшілеріне ақы төленбеген.
Қабылданған заң шеңберінде сынып жетекшілік үшін қосымша ақы төлене бастады. Оның бүгіндегі шекті саны 10 мың теңгенің маңайында. Бұл – балалармен қосымша жұмыс, сабақ емес. Халықаралық тәжірибені зерттей келе бұл мәселені тиісті деңгейде көтеруді ойластырып отырмыз. Мысалы, басқа мемлекеттерде бұндай ақы 20-30 мың теңге көлемінде екен, – деді Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында.
Министр сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны да осы деңгейге жеткізу бағытында бірнеше зерттеулер мен есептеулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Біз тек қана сынып жетекшілеріне қосымша төленетін ақыны көтерумен ғана емес, олардың жұмысының сапасын бірдей көтерілуіне де тиісті шараларды қабылдадық, – деді Бейсембаев.
Оның сөзінше, сапалы жұмыс істеп жатқан сынып жетекшілеріне бірінші кезекте қаржыны көтеруді қолға алынбақ,
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді