Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев у тасқынынан зақым келген тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын бақылау үшін Батыс Қазақстан облысына барды. Ведомство басшысы Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бөрлі ауданындағы Ахуалдық орталығының мәліметінше, техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 127 үй жарамсыз деп танылған.
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ауданда 60, Кеңтүбек ауылында – 11, Ақсуда – 23, Пугачевода – 12, Аралталда – 14 үй салынып жатыр. Жұмыстар «Ақжайық» қоры, «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС және «Демеу» қоры демеушілердің қаражаттары есебінен жүргізілуде.
Министрліктің мәліметінше, жұмыс 85-90 %-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 1 тамызы. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Бөрлі ауданында 66 үй сатып алу жоспарлануда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?