Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыЕлордада NIS педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» республикалық форумы өтті,
Кездесуде еліміздің шалғай елді мекендерінен келген 300-ден астам жас педагог бас қосты.
Бейресми форматта өткен жиында педагогтер министрге өздерінің сұрақтарын қойып, білім саласындағы маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақтың болашағын қалауға үлес қосатын педагог мамандығының маңыздылығын атап өтті.
«Педагог мамандығы – бұл қызмет қана емес, еліміздің болашағын қалыптастыру жолындағы абыройлы міндет. Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етуіміз керек», – деді министр.
Сондай-ақ министр ұстаздық етудің маңызды басымдықтарын, оның ішінде балалармен жұмыс жасау, психологиялық ерекшеліктерді тану, білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және эмоционалдық интеллектті дамыту туралы мәселелерге тоқталды. Мектеп қабырғасында достық орта қалыптастыру мен педагогикалық қызметте жаңа зерттеулер жасаудың жай-күйіне аса назар аударылды.
Форум жас мамандардың ынта-жігерін арттыру және өз табыс тарихымен бөліскен білім беру саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндік алаңына айналды.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады