Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТуризм және спорт министрі Ақтаудағы спорт кешенін аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барып, өңірдегі спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Сапар аясында министр спорт нысанын аралап, спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға куә болды.
Министр 2023 жылы пайдалануға берілген BS ARENA заманауи спорт кешені барды. Жалпы ауданы 11 мың м² құрайтын кешен – қала тұрғындары мен спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда түрлі спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.
Спорт кешенінің аумағында үлкен футбол және футзал алаңы, теннис корты, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған әкімшілік ғимарат орналасқан. Ішкі бөлігінде волейбол, баскетбол, жүзу секциялары мен жаттығу залы жұмыс істейді.
Спорт кешенінің негізгі бағыты – футбол, шағын футбол, баскетбол сынды спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда кешенде 600-ге жуық бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданады.
Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт инфрақұрылымының даму қарқынына оң бағасын беріп, болашақта спорттық нысандар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жастарды бұқаралық спортқа тарту – мемлекет үшін стратегиялық маңызды бағыт екенін айтты.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова