29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысы Көксу ауданында жалпы құны 9 миллион теңгеден асатын екі ірі мал ұрлығы фактісі ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
7 маусым күні Мұқаншы ауылдық округінің жайылымында белгісіз тұлғалар 9 бас ірі қараны ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2,5 миллион теңгеге бағаланған.
Бірнеше күннен кейін Алғабас ауылдық округі аумағында тағы бір мал ұрлығы тіркелді. Бұл жолы 14 бас ірі қара қолды болып, мал иесіне 7 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Көксу аудандық полиция бөлімінің және облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 51 және 37 жастағы екі күдіктіні ұстады. Екеуі де ауданның жергілікті тұрғындары болып шықты.
Күдіктілер малды MAN маркалы жүк көлігімен тасымалдамақ болған. Көлік тоқтатылып, ішінен ұрланған 14 бас ірі қара табылды. Сонымен қатар, малдың сатып алушысы ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына қатысты бабы бойынша іс қозғалды. Заңға сәйкес, бұл қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Тергеу жалғасуда. Полиция күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек