Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сенат отырысының кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді.
Іс аяқталды. Қожағапанов пен мердігер ұйым басшысының ісі сотқа берілді – сот процесі жалғасуда. Мұнда аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру мәселесі қарастырылып жатыр, – деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Құрақбаевтың айтуынша, іс бойынша келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асады.
Сот жүріп жатыр, білуімше, аяқталуға жақын. Оған тағылған бап бойынша санкция 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімді қарастырады. Бірақ барлық мән-жайды ескере отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Сот ашық түрде өтуде, – деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді