29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Милан-Кортина Олимпиадасында спортшыларымыз тау шаңғысы, шорт-трек және шаңғымен тұғырдан секіруден сынға түседі.
Алдымен сағат 14:00-де Ростислав Хохлов тау шаңғысы спорты бойынша ерлер арасындағы слалом жарысында ел намысын қорғайды. Осы спорт түрінде шеберлік пен дәлдік рөл ойнайды. Күрделі бағдарламадан тұратыны тағы бар.
15:18-де шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынады. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша мұзайдынына шығады. Қысқа қашықтықтағы сайыста спортшыға жылдамдық, тактика, тәжірибе жолдас болады.
Иә, Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарына төртінші рет, Денис Никишаның үшінші рет қатысады. 2022 жылғы Пекин Олимпиадасына қатысты. 500 метр қашықтықта Әжіғалиев 4 орын алса, Никиша 8 орынға тұрақтады.
16 ақпандағы жарыс кестесін Илья Мизерных пен Данил Васильев түйіндейді. Отандастарымыз 23:00-де шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы командалық сайыста өнер көрсетеді. Команда үшін бірлік пен рухтың қаншалықты маңызды екені белгілі.
Естеріңізде болса, шаңғымен тұғырдан секіруден жеке сында Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орын алды. Ал Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынға тұрақтады. Осылайша, Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихында осы спорт түрінен Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
«Біздің спортта атақ-дәреженің, жастың аса маңызы жоқ. Ең бастысы - тәжірибе. Тәжірибелі спортшыға мұндай психологиялық қысымда өнер көрсету әлдеқайда жеңіл. Жас маңызды рөл атқармайды. Өз мысалымды айтайын: мен әлі жасөспіріммін, бірақ 30-дан асқан спортшыларды артта қалдырдым. Бүгін үшінші орын алған Польша спортшысы да менімен құрдас - 19 жаста.Дегенмен, иә, өзіме деген сенімім артты. Енді әлдеқайда салмақты түрде секіретін боламын. Бәрі енді басталып жатыр», – деді ол ҰОК-қа берген сұхбатында.
Айта кетерлігі, барлық жарыстар Астана уақытымен көрсетілген. Тікелей эфир Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарында көрсетіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек