Спорт

Михаил Шайдоров: Олимпиада алтынынан кейінгі дау неден басталды?

29.05.2026 18:15
Амангүл Тілейқызы
Фото: instagram/mikhail_shaidorov

Бірнеше ай бұрын ғана Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы жеңісі Қазақстандағы ең үлкен қуаныштың біріне айналған еді. Бірақ арада бірнеше ай өткенде чемпионның аты мұздағы рекордтармен емес, жалақы дауы мен спорт жүйесіне қатысты өткір сұрақтармен қатар атала бастады.

Олимпиада шыңына дейін

Михаил Шайдоров 2004 жылғы 25 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ол мәнерлеп сырғанаумен 2010 жылы айналыса бастады. Алғашқы бапкері – әкесі, Қазақстанның көп дүркін чемпионы Станислав Шайдоров. Кейін Михаил танымал маман Ілияс Урмановтың жетекшілігінде шеберлігін шыңдады.

Шайдоровтың мансабы жылдам өрледі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, кейін ересектер деңгейінде де Қазақстан тарихындағы ең мықты сырғанаушылардың біріне айналды.

instagram/mikhail_shaidorov

Оның басты жетістіктері:

Михаил техникалық күрделілігі өте жоғары элементтерімен танылды. Ол тарихта алғашқылардың бірі болып тройной аксель мен төрттік тулуптан тұратын күрделі каскадтарды тұрақты орындай бастады.

Чемпионға берілген сыйлықтар

Олимпиададағы тарихи жеңістен кейін Михаил Шайдоров мемлекет пен демеушілер тарапынан ірі марапаттарға ие болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Сонымен қатар оған 250 мың АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік сыйақы берілді.

instagram/mikhail_shaidorov

Бұдан бөлек:

Бұл марапаттар қоғамда кең талқыланып, Михаил елдегі ең танымал спортшының біріне айналды.

Даудың басталуы

Алайда мамыр айының соңында Михаил Шайдоров күтпеген мәлімдеме жасап, Олимпиададан кейін бес ай бойы жалақы алмай отырғанын айтты. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Көпшілік чемпион спортшының мұндай жағдайға тап болғанына таңғалды.

Шайдаров жаңа келісімшарттағы мәселелер туралы пікір білдірді:

2026 жылдың соңына дейін күшінде болатын келісімшартта 2030 жылғы Олимпиадада медаль жеңіп алу міндеті көрсетілген. Біз командамен бірге тек осы тармақты заңдық тұрғыдан қайта қарауды сұрадық. Өйткені бұл қисынсыз әрі мүмкін емес нәрсе. Мен 2026 жылы тек төрт жылдан кейін өтетін Олимпиадада медаль жеңе алмаймын ғой, – деді ол.

Шайдоров Threads әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Ол қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өз атына қатысты жалған ақпараттар тарап жатқанын меңзеді. Спортшының сөзінше, ол әлі күнге дейін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігін алмаған. Бұл нормативті ол 2025 жылы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған кезде орындаған.

Сонымен қатар Михаил өмір бойғы төлемдер туралы айтылған ақпаратқа да тоқталды. 

Қазір мен бұл төлемдерді ала алмаймын. Өйткені оған кемінде 20 жыл еңбек өтілі қажет. Ал мен қазір небәрі 21 жастамын, – деп түсіндірді ол.

Ең басты мәселе – жалақыға қатысты болып отырғанын жеткізді. Шайдоровтың айтуынша, ол және оның командасы бес айдан бері жалақы алмаған. Оның сөзінше, төлемдердің кешігуіне Спортты қолдау қорының қаржыландыру өтінімін қарастыруы себеп болған.

Мен де, менің командам да бес айдан бері жалақы алмай отырмыз, – деді спортшы.

Министрлік не деді?

Даудан кейін Туризм және спорт министрлігі мен Спортты дамыту дирекциясы түсініктеме берді.

Ресми мәліметке сәйкес:

Сондай-ақ ведомство Михаилдің дайындығына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті.

Алайда бұл түсініктеме қоғамдағы талқылауды тоқтатпады. Әлеуметтік желілерде көпшілік спортшыны қолдап, Олимпиада чемпионы мұндай мәселелерді жария түрде көтеруге мәжбүр болмауы керек деген пікірлер айтылды.

Қоғам неге алаңдады?

Бұл оқиға бір ғана Михаил Шайдоровтың мәселесі емес, жалпы қазақстандық спорт жүйесіндегі түйткілдерді көрсетті деген пікірлер көбейді. Қазақстанда спортшыларға үлкен жеңістен кейін бір реттік марапаттар беру тәжірибесі бар. Бірақ чемпиондардың күнделікті дайындық процесін тұрақты қаржыландыру, бапкерлер штабына қолдау көрсету және ұзақмерзімді жүйе құру мәселесі әлі де өзекті. Шайдоровтың жағдайы осы сұрақтарды қайта күн тәртібіне шығарды.

instagram/mikhail_shaidorov

Михаил Шайдоров бүгінде Қазақстан спортының жаңа символына айналды. Оның Алматыдағы қарапайым мұз айдынынан Олимпиада тұғырына дейінгі жолы мыңдаған жас спортшыға мотивация береді.

Оқи отырыңыз