29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘлемнің 262-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Блумфилд Хилс (АҚШ) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 1104-орында тұрған америкалық Кристиан Харрисонмен өткізді.
М.Кукушкин бірінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:2. Әйтсе де екіншісінде тай-брейкте есе жіберді – 6:7 (7:9). Дегенмен үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:5).
Оқи отырыңыз:
Үш сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 218-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен таласады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек