Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМихаил Кавелашвили Грузияның алтыншы президенті болып сайланды, деп хабарлайды Trend баслымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, Кавелашвили 300 таңдаушының 224 дауысын жинап, қажетті 200 дауыстан асып түсті.
Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 29 желтоқсанға жоспарланған.
Айта кетейік, Михаил Кавелашвили 2016 жылдан бастап «Грузин арманы — Демократиялық Грузия» басқарушы партиясының атынан Грузия парламентінің депутаты болды. Ол 2016 және 2020 жылдары Санзона және Надзаладеви тбилисилік мажоритарлық округтерінен парламентке сайланған. 2016-2020 жылдары Спорт және жастар істері комитетін басқарды. 2022 жылға дейін «Грузин арманы» фракциясының мүшесі болды.
2022 жылдың маусымында Кавелашвили бірнеше әріптестерімен бірге партия мен парламенттік фракциядан шықты.
2022 жылдың тамызында ол парламенттік көпшілікке қосылған саяси топ құрған «Халық күші» қоғамдық ұйымының негізін қалаушылардың бірі болды.
2024 жылдың 26 қазанында ол «Грузин арманы — Демократиялық Грузия» партиялық тізімі бойынша Грузия парламентінің депутаты болып сайланды. Бұл тізімге «Халық күші» қозғалысының кандидаттары да кірді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес