20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекMicrosoft корпорациясы жаңа гибридті жұмыс форматына өтетінін хабарлады. Жаңа жүйе аптасына үш күн – кеңседе, екі күн – қашықтан жұмыс істеуді көздейді, деп жазады El.kz интернет порталы.
The Verge басылымының мәліметінше, компанияның кадрлық саясат жөніндегі директоры Эми Коулманның айтуынша, толық көшу процесі 2026 жылдың ақпанына дейін аяқталады. Осыдан кейін бұл талаптар Microsoft-тың барлық америкалық және халықаралық кеңселерінде қолданылады.
Жаңа ережелер кеңседен 80 шақырым қашықтықта тұратын қызметкерлерге қатысты болады. Дегенмен клиенттермен және серіктестермен жиі кездесу өткізетін аккаунт-менеджмент, консалтинг және далалық маркетинг мамандары үшін анағұрлым икемді тәсіл сақталады.
Кеңсесінде тұрақты командасы немесе клиенттері жоқ қызметкерлер 19 қыркүйекке дейін бұл талаптан босатуды сұрай алады.
Microsoft өкілдері бұл шешім командалардың өнімділігін талдау нәтижесіне негізделгенін айтады. Компанияның пікірінше, қызметкерлер кеңседе жиі жұмыс істеген кезде нәтиже әлдеқайда тиімді болады.
Алайда The Verge тілшілерімен сөйлескен кейбір қызметкерлер жаңа талаптар жасырын қысқарту құралына айналуы мүмкін деп қауіптенетінін жеткізген. Бұған дейін корпорация шамамен 15 мың адамды жұмыстан босатқан еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?