18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Әлем чемпионатының 12-ойын күні топтық кезеңдегі ең басты оқиғаны сыйлады. Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Аргентина капитанының тарихи жетістігі аясында Франция плей-оффқа жолдамасын мерзімінен бұрын қамтамасыз етсе, Норвегия қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал I және J топтарындағы қалған жолдамалар үшін күрес барынша шиеленісе түсті.
Күн нәтижелері:
Месси әлем футболы тарихына енетін рекорд орнатты
Күннің басты оқиғасы Далласта өтті. Аргентина құрамасы Аустрияны 2:0 есебімен жеңді.
Кездесудің басында Лионель Месси пенальтиден мүлт кеткенімен, кейін қарсылас қақпасына екі гол соқты. Оның алғашқы добы әлем чемпионаттарындағы 17-голы болып, Мирослав Клозе рекордын жаңартуға мүмкіндік берді. Ал қосымша уақытта капитан дубль жасап, рекордтық көрсеткішін 18 голға жеткізді.
38 жасында Месси ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Ол Клозені де, әйелдер мундиалінің рекордшысы Мартаны да артта қалдырды. Бұл жеңіс Аргентинаға J тобында бірінші орынмен плей-оффқа шығуды қамтамасыз етті.
Франция плей-офф мәселесін бірінші болып шешті
Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, екі турдан кейін 6 ұпай жинады.
Килиан Мбаппе бастаған команда жоғары ұйымдасқан ойын мен шабуылдағы тиімділігін тағы бір мәрте көрсетті. Қатарынан екінші жеңісінің арқасында француздар мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын иеленіп, чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдеді.
Норвегия Сенегалдың қысымына төтеп берді
Күннің ең тартысты матчтарының бірі Норвегия мен Сенегал арасында өтті.
Скандинавиялықтар 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдегі екінші жеңісін тіркеді. Сенегал құрамасы соңына дейін қарсылық көрсеткенімен, норвегиялықтар басымдықтарын сақтап қалып, келесі кезеңге шығуға бір табан жақындады.
Алжир мен Иордания интриганы сақтап қалды
Күннің соңғы матчында Иордания мен Алжир құрамалары ойнап жатыр, әзірге есеп – 1:1.
Бұл нәтиже екі команданың да Аргентинаға жақындауына мүмкіндік бермейді, алайда J тобындағы екінші жолдама үшін күресті сақтап қалды. Плей-оффқа шығатын команданың тағдыры соңғы турда шешіледі.
Турнирлік жағдай
I топта Франция плей-оффқа шығуын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Алты ұпайы бар Норвегия да келесі кезеңге шығуға өте жақын. Ал Сенегал мен Иракқа турнирдегі мүмкіндігін сақтау үшін соңғы турда бар күшін салуға тура келеді.
J тобында Аргентина екі жеңістің арқасында бірінші орынды кепілдендірді. Австрия, Алжир және Иордания екінші тікелей жолдама мен үшінші орын иелерінің үздіктері қатарына ену үшін күресті жалғастырады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр