Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАргентина құрамасының және АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысуды армандайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлем чемпионатына қатысқым келеді, өз елімнің құрамасына көмектескім келеді. Келесі жылы «Интер Майамимен» маусым алдындағы дайындықты бастаған кезде өз жағдайымды күн сайын бағалаймын. Егер өзімді 100 пайыз дайындап, командаға пайда тигізе алатыныма көз жеткізсем, шешім қабылдаймын, - деді Месси.
2026 жылғы әлем чемпионаты футбол тарихындағы 23-мундиаль болмақ. Турнирдің финалдық кезеңі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бәсеке маусым мен шілде айларында ұйымдастырылады, ал финалдық матч 19 шілдеде өтетіні жоспарланған.
Айта кетейік, Аргентина ұлттық құрамасы – соңғы әлем чемпионы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді