20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін «Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім беру саласындағы жеңілдіктер» тақырыбы аясында ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің беделін арттыру қажеттілігі туралы бірнеше рет атап өтті. Сондықтан әскери қызмет өткеріп жүрген жастарға қолдау көрсету Қорғаныс министрлігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда аталған міндетті орындау үшін ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева министрліктің қандай жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
«2022 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери қызметін шұғыл өткерген сарбаздарға білім беру жеңілдіктерін беру бойынша бастамашылық жасап, үлкен жұмыс жүргізуде. Бұл жоба жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, әскерде қызмет ететін азаматтар арасында оң пікір қалыптастырды», - деді Айгүл Нұралықызы.
Сондай-ақ кеңесші лайықты әскери қызметшілер емтихан тапсырмай, ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына ақылы түрде түсе алатынын айтты.
«Әскери қызметкерлердің арасында жеңілдікке анағұрлым лайықты деп есептелгендері ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. ЖОО-дарымен келісімге қол қойылған», - деді ол.
Оған қоса Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызмет өткерген және жоғары нәтиже көрсеткен азаматтар емтихансыз Қорғаныс министрлігі әскери оқу орнына түсуге мүмкіндік бар дейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?