Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау аяқталды, – деп хабарлайды El.kz порталы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның үздік отбасы атағына үміткерлікке 2,5 мыңнан астам отбасы өтінім берген. Өтінімдер тек отбасылардың өздерінен ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар тарапынан ұсынылған.
Жалпы «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінде 2 542, оның ішінде отбасылардан – 1 407, заңды тұлғалардан – 1 135 өтінім тіркелген.
Өтінімдердің ең көп саны – Алматы (310), Жамбыл (247) облыстары мен Алматы (193). «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы қыркүйек айында Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі) қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік шыққан отбасыларға беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық конкурс 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 20 мыңға жуық отбасы қатысты.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд