30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада «Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Аталған іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева мерекенің маңызы туралы айтты.
«Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауы еліміздегі ең маңызды отбасы мерекесі. Жыл басынан үздік отбасыларды іріктеп, күзде жеңімпаздарды марапаттайтын дәстүріміз бар. Бүгін осы жылдың қорытындысын жариялауға жиналып отырмыз», - деді ол.
Марапаттау рәсіміне қатысу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, сондай-ақ барша көрермен қауым жиналды.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы - 2022» байқауына 2014 жылдан бері 20 мыңнан астам жанұя қатысқан. Биылғы өткен байқауға 2542 отбасы қатысқан. Олардың 63,4%-ы ауыл тұрғындары. Әр өңірден жиналған шығармашыл 20 отбасы жеңімпаз атанды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды