14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Жаңа норма әлеуметтік төлемдердің өңірлер арасындағы айырмашылығын азайтып, азаматтарға көрсетілетін көмектің бірыңғай ең төменгі деңгейін қалыптастыруды көздейді.
Біржолғы әлеуметтік көмек деген не?
Біржолғы әлеуметтік көмек – мереке немесе атаулы күндер қарсаңында азаматтардың жекелеген санаттарына төленетін қаржылай қолдау. Мұндай көмекті жергілікті әкімдіктер мәслихат шешімі негізінде тағайындайды. Әдетте бұл төлемдер:
Алайда нақты алушылар тізімі әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін. Себебі төлем көлемі мен шарттары жергілікті бюджет мүмкіндігіне байланысты бекітіледі.
Жаңа өзгеріс нені білдіреді?
Бұған дейін кей өңірлерде мерекелік әлеуметтік көмектің мөлшері 2,5 АЕК-тен төмен болған. Енді республика бойынша ең төменгі шек бірдей болады. Яғни жергілікті органдар 10 мың теңгеден аз төлем тағайындай алмайды.
Дегенмен бұл барлық өңірде төлем көлемі дәл осы сома болады дегенді білдірмейді. Керісінше, әкімдіктер қаржы мүмкіндігіне қарай одан да жоғары көлем белгілеуге құқылы.
Айта кету керек, бұл өзгеріс әлеуметтік қолдаудың формалды емес, нақты сезілетін деңгейін сақтауға бағытталған. Себебі инфляция мен бағаның өсуі жағдайында тым аз көлемдегі төлемдер азаматтар үшін айтарлықтай көмек болудан қалған.
Төлем көлемі әр өңірде әртүрлі
Қазақстанда әлеуметтік көмектің кей түрлері орталық бюджеттен емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан әр облыс пен қала өз мүмкіндігіне қарай төлем мөлшерін бекітеді.
Мысалы, кей өңірлерде мерекелік көмек бірнеше ондаған мың теңгеге жетсе, енді бір аймақтарда әлдеқайда төмен болуы мүмкін.
Жаңа ереже осы айырмашылықты толық жоймаса да, ең төменгі әлеуметтік стандартты бекітіп отыр.
АЕК өскен сайын төлем де көбейеді
Айлық есептік көрсеткіш жыл сайын қайта қаралады. Соған сәйкес мерекелік әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшері де автоматты түрде өсіп отырады.
Мәселен, егер келесі жылы АЕК көлемі артса, 2,5 АЕК көлеміндегі төлем де қазіргі сомадан жоғары болады.
Бұл өзгеріс кімдерге тиімді?
Сарапшылардың пікірінше, жаңа талап әсіресе бұрын төлем мөлшері аз болған өңір тұрғындарына тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл әлеуметтік көмектің символикалық емес, нақты қолдау құралы ретінде сақталуына әсер етеді.
Дегенмен нақты қанша адамға төлем көлемі өсетіні әзірге белгісіз. Себебі алушылар санатын және төлем мөлшерін әр өңірдің жергілікті атқарушы органдары өздері анықтайды.
Бұған дейін біз елімізде әлеуметтік көмекке өтінішті қалай беруге болатыны жайлы жазғанбыз.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды