Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМенингит әлі де қауіпті дерт, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дәрігер-иммунолог Владимир Болибок бұл ауруды не қоздыруы мүмкін екенін айтты.
Менингит – ми қабығының қабынуы. Оны менингококк немесе гемофиль таяқшасы қоздыруы мүмкін, – деп түсіндірді маман.
Дәрігердің айтуынша, менингококк пен гемофиль таяқшасына қарсы екпелер бар. Сондай-ақ гемофиль таяқшасы туындататын менингитке қарсы вакцинацияны ресми екпе күнтізбесіне енгізу жоспарда бар.
Болибоктың сөзінше, басты қауіп – аурудың белгілері байқалмайтын бактерия тасымалдаушыларда.
Мұндай адам өзі ауырмайды, бірақ микроб оның мұрнында өмір сүріп, басқаларға жұғады. Бұл – ауа арқылы берілетін тыныс жолдарының инфекциясы, – деді ол.
Маманның айтуынша, менингитті емдеуде антибиотиктер қолданылады. Ал аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – вакцинация.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады