Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал журналист Дина Төлепберген «Сіңліме сыр» айдарында қыздарға тұрмыс құруға қатысты кеңесін берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
28 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзім шырайлы Шымқаладан болған соң туыстарымның мені кәрі қыз деп атай бастағаны жасырын емес. Әлгіндей пікірді қазір мен құлағымның ұшына да қыстырмас едім. Бірақ ол кезде жағдай басқаша болатын. «Қашан тұрмысқа шығасың? Неге жігітің жоқ? Осылай жүре берсең сені кім алады?» деген сауалдар қойылып, тап осылай туыстарың сені тергеуге алғанда, өзіңді сол бір отбасына қажетсіз адам сезінесің, - дейді тележүргізуші.
Дина Төлепберген туыстардың мұндай сұрақ қоюы әдепсіздік пен манипуляция екенін айтады.
Қыздың бойында қорқыныш сезімін қалыптастыру, кінәлі сезімін ояту, өз-өзіне деген сенімді жоғалтуға бағытталған нағыз фашистік іс-әрекет дер едім. Сондықтан қымбатты ата-аналар, сіздерге айтар үлкен өтінішім бар. Егер қызыңызға риясыз бақыт тілесеңіз, «қашан?» деген сұрақтың қойылуына қатаң түрде тыйым салып тастаңыз. Әр қыздың өз шекарасы бар және мәреден асуға ешкімге рұқсат жоқ. Әр қыз өз орнын табады, кезі келеді, - деді журналист.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді