Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып, «Мен қазақпын» әнін хормен орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды.
Елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.
Бұл іс-шараға 1-11 қазақ сыныбының оқушылары қатысып отыр. Әнді таңдау қиынға соққан жоқ. Себебі бұл ән тілге жеңіл, жүрекке жақын, - деді мектеп директоры Айжан Мәметхан.
Айта кетсек, сарбаздардың орындауынан бөлек, көпшілікке кеңінен таралған «Мен қазақпын» патриоттық әнінің сөзін ақын Нұржан Өмірбай, әнін сазгер Жарасхан Төлебай жазған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді