20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы Есіл өзенінің жағалауында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, мерекеге орай елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып өткен салтанатты шеру ұйымдастырылды. Шеру Кенесары көшесінен басталып, Мәмбетов көшесі бойымен жүріп, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда аяқталды.
Шеруден кейін Есіл өзенінің жағалауында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінің оркестрі қатысқан мерекелік концерт өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Сарыарқа ауданының әкімдігі. Мұндай акцияларды ұдайы өткізу жоспарланып отыр.
Аудан әкімдігі Ұлттық ұланмен бірлесе отырып, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шеру мен концерт форматындағы іс-шараны өткізуде. Бұл мереке – патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің және Тәуелсіздігіміздің символдарына деген құрметтің бейнесі, - деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілі Дамир Хисматуллин.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?