Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Күн дидарлы — Қазақстан» атты концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Концерттік бағдарламада репертуарға жаңадан енген қазақтың ұлттық және әлем халықтарының билері сахналанды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ансамбль көрермен назарына «Моңғол биі», орыс биі «Вензеля», өзбек биі «Хорезм термәләрі», «Көңілді серуен», «Жастық жалын», тәжік биі «Идона», ұйғыр биі «Долан», корей биі «Кальчум», татар биі «Женихи», қытай биі «Liming», сондай-ақ «Жарық», «Ел салтанаты», «Қыз қуу» сияқты ерекше би қойылымдарын ұсынды.
Сонымен қатар концертте халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Асылхан Шалқаров, Айгерім Елемесова және Мәдениет саласының үздігі Рахат Сәрсенов өнер көрсетті.
Бүгінгі таңда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлілігін толық насихаттай алатын жалғыз кәсіби би ұжымы.
Айта кетейік, келер жылы «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 70 жыл толады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді