Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЖеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.
Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.
Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады