29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан раисы Рустам Миннихановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы бойынша Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие екенін атап өтті.
Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді және Ресей Федерациясымен көпжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады деп айтуға толықтай негіз бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында «Татнефть», «КАМАЗ» компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұдан да бөлек жобалар бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек