Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.
Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды.
Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді