Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Президент Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 учаскесіне келіп, жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.
Мемлекет басшысы дауыс беріп болған соң журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Бүгін шын мәнінде еліміз үшін тарихи күн. Тарихымызда тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – еліміз үшін өте маңызды тарихи оқиға. Біз бәріміз біртұтас ел болып, ауқымды реформаларды жүргізіп жатырмыз. Оның бәрін білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік, – деді президент брифингте.
Президенттің сөзінше, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі көрініп отыр. Дегенмен, алда атқарылатын жұмыс ауқымды.
Алдымызда тұрған мақсаттар аса маңызды. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстардың бастауы, – деп атап өтті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елімімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру таңғы 6.00-20.00-ге дейін өтіп жатыр.
Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс беру басталды. Сайлау күні ел аумағында және шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында барлығы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанында 79 сайлау учаскесі орналасқан.
Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Арнайы сайлау учаскелерінде тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда, учаскелік комиссия дауыс беруді белгіленген уақыттан бұрын аяқтауға құқылы.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады