Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту шараларын жүзеге асыру мәселелері туралы баяндама жасады.
Қауіпсіздік Кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдер және армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Жиын соңында президент – Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады