Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқордада Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Дәстүрге сай президент резиденциясы залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқыламақ.
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Бұдан бөлек екі ел басшылары Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Айта кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін елорда әуежайында қарсы алды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биылғы сегіз айда 17 миллиард долларға жеткен. Бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы мәміле көлемінен 1,1% пайызға артық.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді