Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидент Самарқанд қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті аясында Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
– Біздің елдер арасындағы байланыс жақсы дамып келе жатыр. Әйтсе де біз екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беруіміз керек деп ойлаймын. Әсіресе, арадағы сауда айналымының көлемі әлі де қанағаттанарлық деңгейде емес. Бұл бағытта екі елдің де әлеуеті зор. Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды серіктес ел. Сіз Премьер-министр ретінде біздің түрлі саладағы ынтымақтастығымызды ілгерілетуге көп еңбек сіңіріп келе жатқаныңызды білемін, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан екіжақты кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.
– Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Мен осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет Премьер-министр қызметін атқарғанда Қазақстан мен Мажарстанның мәдени, экономикалық байланыстары өте берік болғанын білемін. Енді екі елдің ынтымақтастығына бизнес өкілдері тың серпін беруі керек. Қазақстанның ірі компаниялары Мажарстанға инвестиция құйса, экономикалық қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілер еді, – деді Мажарстан Премьер-министрі.
Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары