10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПрезидент Израиль Мемлекеті кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды.
Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды.
Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.
Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді