29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Халықаралық еріктілер форумының екінші күні. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында сөз алған Мемлекет басшысы осы саладағы барлық бастаманы қолдайтынын атап өтті.
Мемлекет пен қоғамның серіктестігі өте маңызды. Кешеден бері еліміздің әр түкпірінен, шет елдерден еріктілер келіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәртебелі меймандар қатысып отыр. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Кешеден бері көп мәселе талқыланды. Жиынға қатысушылар ой-пікірлерін отаға салып, ұтымды ұсыныстар айтты. Тиімді жобалармен таныстырып, тәжірибелерін бөлісті. Мұның бәрі игі істерді жалғастыруға зор мүмкіндік береді, – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатқанын айтып, бұл бағытта мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті.
Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды барынша қолдаймын. Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар қолға алынды. Тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыс табысты болуы үшін бүкіл қоғам атсалысуы керек. Осы орайда еріктілердің рөлі айрықша, – деді Президент.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек