29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.
Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек